Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіпті дамыту
Мемлекетті цифрландыру және интернет инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс ақпараттық қауіпсіздіктің маңызын күшейтеді. Бұл әлемдік үрдіс, өйткені мемлекет пен азаматтар үшін әлеуетті тәуекелдер артуда,-деп мәлімдеді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.
Қазақстанда «Киберқалқан» бағдарламасы қабылданып, іске асырылып жатыр, оның аясында ұйымдастыру-техникалық шаралар қолданылады.
Тек өткен жылы 2,5 млрд-тан астам кибершабуыл жойылды.
Салаға мамандарды тарту үшін ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша бөлінетін білім беру гранттарының саны 11 есеге артты.
«Киберқалқан» аясында қабылданған барлық шаралар Қазақстанға 42 позицияға көтеріліп, БҰҰ Киберқауіпсіздік жаһандық рейтингісінде 40-орынды алуға мүмкіндік берді.
Экономика салаларын цифрландыру
Мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі — экономика салаларын цифрландыру. Дәл осы жерде индустрия 4.0 технологиясына, дәлме-дәл егіншілікке, электрондық саудаға және т. б. көшу кезінде экономикалық пайданың үлкен әлеуеті шоғырланған.
Бүгінде кәсіпорындарды жаңғырту — бұл жеткілікті түрде шығынды жоба. Сондықтан көптеген кәсіпорындар бұл мақсаттарға қаражаттың жоқ екенін айтады. Басқа елдердің тәжірибесі бойынша, атап айтқанда Канада, Оңтүстік Корея және Германияда, шынымен де жаңғыртқысы келетіндерге көмектесу керек. Сайып келгенде — бұл еңбек өнімділігін және тиісінше бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жол ашады.
Мемлекеттік органдарды үйлестіру кезінде кәсіпорындар белгіленген мерзімде мәлімделген жобаларды енгізіп, отандық АT-компанияларды жұмысқа тартуы қажет сондай-ақ кәсіпорындар ҒЗТКЖ-ға бөлетін 1% шеңберінде цифрландырудың басым тәртіппен қатысуы маңызды.
Өз кезегінде, министрліктер кәсіпорындарының базасында құзыреттілік орталықтары құрылады, олар осы салаларды белсенді цифрландыру үшін бірыңғай тәсілдерді әзірлейді.
Отын-энергетика кешені. ОЭК және өнеркәсіптің цифрландырылып жатқан кәсіпорындары үшін біз оларға телекоммуникациялар бойынша инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін технологиялық тәсілдерді ұсындық.
Осы салада 17 «Зияткерлік кен орындарын» құру бойынша жобалар іске асырылуда. Цифрлық технологиялар 2 мұнай өңдеу зауытында енгізілуде, онда енгізілген цифрлық технологиялар жөндеу аралық кезеңді 3 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, бұған дейін МӨЗ зауыттары жыл сайын жөндеуге тоқтатылған болатын.
Өнеркәсіп. Осы индустрияда 13 жүйе құраушы кәсіпорында және 112 өнеркәсіп кәсіпорнында цифрландыру жобалары жүргізілуде, сондай-ақ 7 модельді цифрлық фабрика құру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Агроөнеркәсіп кешені. АӨК-те 49 цифрлық ферма құрылды, оның ішінде 28 өсімдік шаруашылығы және 21 мал шаруашылығы фермасы базасында.
Электрондық сауда. Электрондық сауданы дамыту Қазақстанға экономикалық өсудің жоғары әлеуетін ұсынады. Айта кету керек, 2019 жылы онлайн-сатып алушылар саны 1,3 есеге артты. Бөлшек сауданың жалпы көлемінде электрондық сауда көлемі 4 есе өсті. Салық жеңілдіктерін алу үшін 579 жаңа интернет-дүкен тіркелген.
Айта кету керек, өткен жылдың соңында ндустрия және энергетика министрліктерінде цифрлық вице-министрлер тағайындалды, олар өз әріптестерінің үлгісі бойынша ведомствоға қарасты салаларды цифрландыру процестеріне жаңа идеялар енгізеді.
2019 жылы экономика салалары үшін цифрлық жобалардың жиынтық пайдасы 94,4 млрд теңгені құрады.
Инновациялық экожүйені құру
2 жыл ішінде «Astana Hub» АT стартаптарының халықаралық технопаркі технологиялық кәсіпкерлікті тарту орталығына айналды. Технопарк 100%-ға толтырылған, мемлекеттік қолдау шараларымен 800-ден астам стартап жобалар қамтылды.
Министрлік Astana Hub-тың шетелдік қатысушылары үшін визалық және еңбек режимдерін оңайлату бойынша жағдай жасады. Сондай-ақ 260-тан астам отандық компаниялар пайдаланған, оңайлатылған салық салу түрінде технопарктің қатысушылары үшін салықтық преференциялар қабылданды. «Венчурлік қаржыландыру туралы» Заңға қол қойылды.
Қазақстандық стартаптар мен АТ-компаниялар тартқан инвестициялар көлемі 32,8 млрд теңгені құрайды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің бірі — Қазақстанның АТ-саласын қолдау. Министрлік АТ-саласын дамыту бойынша тиісті жол картасын бекітті.
Айта кету керек, бүгінде нарықта 7 мыңға жуық компания бар. Министрлік халықаралық нарыққа шығу үшін жоғары әлеуетті көрсететін 30 компанияны іріктеп алды. Сондай-ақ экспорттық қолдау мәселесі пысықталып жатыр.
Сондай-ақ бүгінгі күні еліміздің барлық мектептері компьютерлік техникамен жабдықталған және еліміздің 94,2% мектептері интернет желісіне қосылған. Сонымен қатар 2019-2020 жылдарға жоғары білім беру үшін АКТ бағыты бойынша 19 мыңға жуық грант бөлінді.
Сонымен қатар төменгі сыныптағы мектептерде бағдарламалау негіздері енгізілді, «Astana IT университеті» ашылды, онда бүгінгі таңда жаңа буын мамандарын даярлайды, Astana Hub-та «Әлем» мектебі ашылды, онда қазақстандықтарды бағдарламалауға тегін үйретеді.
Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер ХҚКО арқылы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.