Жаңалықтар

Пандемияның екінші толқыны күзде  болмауы мүмкін

Бұл болжамды Италия ғалымдары мәлімдеді

Италия ғалымдары коронавирус ағынының бәсеңдеуін көрсететін зерттеу деректерін ұсынды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпарат телеграм каналы хабарлады.

Милан университетінің вирусологы мен проректоры Массимо Клементи мамыр айында италиялық медиктер бастаған науқастарға жүргізілген мониторинг COVID-19 бар пациенттердің ауру дәрежесі төмендегенін көрсететінін айтты. Қарқынды терапия талап етілетін науқастардың пайызы азайып келеді. Осыған орай, үй карантинінде өз бетінше емделе алатын вирусты жұқтырғандардың саны өсуде.

Массимо Клементи індеттің бастапқы кезеңінде мамыр айының соңына қарағанда он есе жоғары болғанын атап өтті. Бұл вирустың адам ағзасына бейімделіп, әлсірей түсетінін білдіруі мүмкін. Ғалымның айтуынша, бірқатар елдерден келіп түскен деректер осы гипотезаны растайды. Мұндай көрсеткіштер кезінде күзде ДДСҰ болжап отырған пандемияның екінші толқыны болмауы мүмкін.