Жаңалықтар

Президент Қ.Тоқаев бір жылдың ішінде қандай қадамдар жасады ?

Қазақ радиосының Президент туралы ролигі әлеуметтік желіге жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты халыққа ант беріп, президенттік қызметіне кіріскеніне тура 1 жыл.  2019 жылдың 12 маусымында Елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңа сайланған президенттің ұлықтау салтанаты өтті. Онда президент өзінің жұмысындағы он басымдықғын атап, қызметіне  ресми түрде кірісті. Қазақ радиосы ел тарихындағы екінші президенттің жыл бойы атқарған негізгі жұмыстарын тізбектеп, арнайы бейнеролик әзірледі.

 Қазақ радиосы өткен 12 айдағы президент жұмысының басты бағыты ретінде «Халық үніне құлақ асатын» мемлекет» тұжырымдамасын, медицина саласы қызметкерлері  жалақысының 30%-ға, ұстаздар жалақысының 25%-ға, мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының 25% өскенін ерекше атап өткен. Сондай-ақ президенттің 1 жыл ішінде жүзеге асқан құқықтық бастамалары да назарға іліккен. Атап айтсақ, «мал ұрлығы» мен «көлікті мас күйінде жүргізу» секілді қылмыстарға жазаның күшейтілгендігі, жаңа партия құруды жеңілдетту, саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісін 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету, партиялық сайлау тізімдеріне әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық міндетті квота енгізу секілді заңнамалық реформалары аталған. Қазақ радиосы әзірлеген бейнероликте әлеуметтік саладағы  ең маңызды жұмыстар ретінде 1 миллионнан астам адам игілігін көрген несиелік амнистия мен көп балалы отбасыларға тағайындалған жаңа жәрдемақы мен кіші және орта бизнесті 3 жылға салықтан және тексеруден босату секілді маңызды реформалар да қамтылған. 
Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев  былтыр өткен президенттік сайлауда 70 пайыздан астам дауыс жинап, ел тарихындағы екінші президент атанған еді.