Солтүстік Қазақстан облысында мыңнан астам шақырым жол жаңартылады

Жарияланды
Республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының ұзындығы 1712 шақырым

Солтүстік Қазақстан облысында биыл орташа және күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 580 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 478 шақырымы да жаңартылады деп жоспарлануда. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Еске салайық, солтүстік өңірдегі республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының ұзындығы 1712 шақырымды, жергілікті жолдардың ұзындығы 7026 шақырымды құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз