20 маусымнан бастап Қазақстандықтар 6 елге саяхаттай алады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.
Халықаралық бағыттар бойынша рейстер саны әуе қатынасы туралы қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде және әр бағыт бойынша әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалатын болады.
Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып тасталуына және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады.