Жаңалықтар

Полигонында өрт сөндірілгенімен, қоқыс әлі бықсып жатыр 

Өрт сөндіруге  1500 тоннадан астам су мен топырақ себілді

Іле ауданындағы қоқыс полигонында қатты тұрмыстық қалдықтарды сөндіру жұмыстары жалғасуда, қазіргі уақытта ашық от пен қалың түтін жоқ, қоқыс құр бықсуда. Бұл туралы Төтенше жағдай департамент баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт сөндіру автоцистерналарымен және тікұшақпен 550 тоннадан астам су құйылып, инженерлік техникамен 1000 тоннаға жуық топырақ себілді. Өрт орнында су мен топырақты үздіксіз беру ұйымдастырылып, қайта құнарландыру жұмыстары жүргізілуде. 

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Іле ауданы әкімдігі, «АДК Таза Әлем» ЖШС және «Алатау-Құс»құс фабрикасының 100-ден астам адамы мен 50 бірлік техникасы жұмылдырылуда.

Өрт алаңы 3 Га, өрт сөндіру күл-қоқыс тереңдігімен күрделене түсуде, 10-15 метрге жуық және желдің екпіні (оңтүстік-батыстан 5 м/с, екпіні 7 м/с дейін, ауа температурасы +27 градус, көшпелі бұлт шығады).
Оқиға орнында жедел штаб құрылды, аудан әкімдігі ЖЖМ жеткізу және жеке құрам үшін тамақтандыру ұйымдастырылды.