Жаңалықтар

 10 жастағы бала туған күнінде суға батып, қайтыс болды

Ал оның 12 жастағы ағасы жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбеде 10 жастағы бала өз туған күнінде суға батып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

 К.Нокин даңғылында орналасқан «Жабайы» жағажайы маңында «Елек» өзенінде 2010 жылы туған кәмелетке толмаған бала табылды.

 «Ыстық ауа райының басталуына байланысты жазғы кезеңде балалардың су жағажайларында қаза болуына жол бермеу мақсатында ата-аналарға табиғи және жасанды су жағажайларында өзін-өзі ұстау ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы өтініш білдіреміз. Бұл сіз балаңызға судағы қайғылы оқиғалар туралы ескертіңіз. Ағымдағы жылдың басынан бері бұл суға батып кеткен екінші бала», – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

 Анасы төрт баласымен өзенге келіп, екі баласының қалай суға кеткенін байқамаған. Құтқарушылар мен өзен жағасындағы адамдар балаларды судан алып шықты, алайда 10 жастағы баланы құтқара алмаған. Ал 12 жастағы ағасын жан сақтау бөліміне жеткізілді.