Жаңалықтар

АҚШ-та полиция қызметкері тағы бір афроамерикалықты өлтірді

Офицерді жұмыстан шығарды

Атланта (Джорджия) полициясының басшысы Эрика Шилдс полиция қызметкерімен болған қақтығыста 27 жастағы афроамерикалық Рэйшард Брукстің қайтыс болуына байланысты отставкаға кетті, -деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан».

Сонымен қатар, Атланта мэрі Кейша Лэнс Боттомс отставкаға кеткенін мәлімдеді. Ол Бруксты атып өлтірген офицердің тез арада жұмыстан босатылуын талап етті.

Атланта полициясына ер адамның көлікте ұйықтап жатқандығы және  ол мейрамхананың тұрағының алдын жауып тастағандығы туралы хабар түскен. Келген полицейлер бұл Брукс екенін анықтап, одан алкогольдің бар-жоғын тексерді. Тест қорытындысы оң нәтижені көрсетті. 

Полиция мен Брукс арасында қақтығыс болып, ол офицердің қолынан электрошокерді жұлуға тырысқан. Сол кезде полицейлер қару қолданды. Брукс ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады.
Екінші қара нәсілді ер адамның полиция қолынан қаза табуы жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды.