Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтілді

Жарияланды
Сауда үйлер, базарлар, ХҚО жұмыс уақыты өзгерді

Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтілді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.

 
Базарлар 9:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Сауда орталықтары тамақтану объектілерінің, ойын-сауық объектілерінің жұмысын тоқтата отырып, сағат 10: 00-ден 21: 00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Банкет залдарының, бильярд, компьютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды.

Банктер қызметкерлердің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек.

Кештерді, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар филиалдары қызметкерлерінің 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.

ХҚКО-ның жұмысы онлайн-форматқа аударылуы тиіс, онлайн көрсету мүмкін емес қызметтер уақыты бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін шектелуі тиіс.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 22:00-ге дейін шектелген.
 

Сондай-ақ оқыңыз