Жаңалықтар

Елімізде биылғы 5 айда су көлігінде 66 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

527 542 теңге көлемінде айыппұл салынды

ҚР ИИДМ көліктік бақылау органдары ағымдағы жылдың 5 айында еліміздің теңіз порттарына кірген теңіз кемелеріне барлығы 42 тексеру жүргізді. Оның ішінде Қазақстанның 3, Ресейдің 26, Әзербайжанның 5, Иранның 8 кемесі болды. Анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін Иран туын көтеріп тұрған 1 кемеге порттан шығуға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады. 

Кемелерді тексеру барысында бұзушылықтарды жою туралы 1 ұйғарым берілді.

Тексеру қорытындысы бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 137 858 теңгеге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, биылғы 5 айда аумақтық органдар пайдаланудағы өзен кемелеріне 79 тексеру жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша 25 ұйғарым берілді. Кеме реестрінде барлығы 759 өзен кемесі тіркелген.
Сондай-ақ, осы кезеңде өзен флотының командалық құрамының 45 тұлғасына диплом беріліп, 14 тұлғасы аттестатталғанын атап өту қажет.

Жыл басынан бері республика бойынша 319 шағын өлшемді кеме тіркелген. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысында шағын өлшемді флотта аумақтық органдар 268 кемені қарап шықты.

Жалпы, осы мерзімде су көлігі саласында 5 көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 2 теңіз және 3 шағын өлшемді флотта болды.

Сондай-ақ, су көлігінде бақылауды жүзеге асыру кезінде 66 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 527 542 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндіріп алынды.