Елімізде індеттен тағы 4 науқас қайтыс болды
Жарияланды
Жұқтырғандар саны 14 496-ға жетті
ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 4 науқас қайтыс болды. Олар Нұр-Сұлтан, Павлодар облысы және Ақмола облысының тұрғындары.
Сонымен қатар, коронавирустан 9188 адам жазылып шықты.
Нұр-Сұлтан қаласы – 1981, Алматы қаласы – 2056, Шымкент қаласы – 478, Ақмола облысы – 154, Ақтөбе облысы – 271, Алматы облысы – 328, Атырау облысы – 961, Шығыс Қазақстан облысы – 107, Жамбыл облысы – 313, Батыс Қазақстан облысы – 548, Қарағанды облысы – 663, Қостанай облысы – 182, Қызылорда облысы – 391, Маңғыстау облысы – 246, Павлодар облысы – 186, Солтүстік Қазақстан облысы – 49, Түркістан облысы – 274.
Жұқтырғандар саны 14 496-ға жетті. Қайтыс болғандар -77 науқас.