Елорда әкімі тұрғындардан қонаққа барудан бас тартуды өтінді

Жарияланды
Қала тұрғындары санитария нормаларын қатаң сақтауы қажет

Эпидемиологиялық жағдай мен өтініш білдірушілер санының артуын ескере отырып, коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық шұғыл әрекет ету штабында бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлады елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграм парақшасында. 

Қала тұрғындары санитария нормаларын қатаң сақтауы қажет. Маска киіп (әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде), мүмкіндігінше адам көп жиналатын орындарға бармай, антисептик пайдаланып, ара қашықтық сақтаған жөн. 

«Отбасылық жиындар мен қонаққа барудан, үлкен топпен жиналудан бас тарту қажет. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіз ете аласыз. Қалада отбасылық ошақтар тіркеліп отыр, яғни бір отбасының барлық мүшелері індетті жұқтырған. Қалада (адамдар көп жиналатын жерлерде) инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында тұрақты түрде дезинфекциялық жұмыстар жүргіземіз», – деді елорда әкімі. 

Оның айтуынша, емханалар мен ауруханалар аумағында дезинфекциялық тоннельдер мен тепловизорлардың санын артпақ. 

«Өкінішке орай, тұрғындар медицина қызметкерлері айтып жатқан ережелерді сақтамайды, өзін-өзі емдеумен айналысып, медициналық көмекке дер кезінде жүгінбейді. Covid-19 өздігімен емдеуге болмайды, індет өте қауіпті. Санитария нормаларын сақтамау қатаң карантин режиміне оралуға әкелуі мүмкін», – деді А.Көлгінов.

 

Сондай-ақ оқыңыз