Жаңалықтар

Қандай қан тобы COVID-19 инфекциясына қарсы тұра алатыны белгілі болды

Ғалымдар екінші қан тобы бар адамдар коронавирусты жұқтыруға бейім деген тұжырымға келді

АҚШ ғалымдары бірінші қан тобының иелері коронавирустық инфекцияға қарсы тұруға қауқарлы екені туралы айтты. Бұл туралы Жаңалықтар KZ телеграм каналы хабарлады.

Зерттеуге 750 мың адам қатысты, олардың 10 мыңына COVID-19 диагнозы қойылды. Жынысы, салмағы мен жасына қарай бөліп, сарапшылар бірінші қан тобы бар адамдарда коронавирустың таралу деңгейі 9-18 пайызға төмен екенін анықтады.

 «Көбінесе, COVID-19 үшінші және төртінші қан топтарының иелерінде кездеседі. Олардың ішінде COVID-19 оның 1,5 пайызында анықталды. Екінші топтағы адамдарда бұл көрсеткіш 1,4 пайызды, ал бірінші топтағы адамдарда – 1,3 пайызды құрады», – дейді сарапшылар.

Төртінші қан тобы бар адамдарда коронавирус 4,1% жағдайда, үшінші адамдарда – 4%, екінші адамдарда – 3,9%, бірінші адамдарда – 3,2% диагнозы қойылған.

Бұған дейін халықаралық ғалымдар тобы екінші қан тобы бар адамдар коронавирусты жұқтыруға бейім деген тұжырымға келді. Сарапшылар бұл құбылысты өзіне тән ерекше мутациямен байланыстырды.