Соңғы аптада Көкшетау қаласы бойынша өсім 80% – дан асты, бұл 42 адам. Оның ішінде симптомдары – 15, симптомсыз – 27. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ телеграм канала хабарлады.
Симптомсыз науқастар – бұл сыртынан ауру белгілері көрінбейтін адамдар: жөтел жоқ, температура және басқа да белгілер жоқ, бірақ тексеру нәтижесі оң болып табылады. Олар вирустың белсенді тасымалдаушылары болып табылады.
Бүгінгі күні АОПТД жұқпалы бөлімшесінде емдеуге 49 адам жатқызылған, провизорлық стационарларда 63 адам бар.
Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын жаңарту жөнінде шешім қабылданды.
Көкшетау қаласының периметрі бойынша 7 блокпост жұмысы қайта басталады.
Азық-түлік және тұрмыстық химия өнімдерін сататын сауда объектілерінің, азық-түлік емес дүкендердің, спорт объектілерінің, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының, діни мекемелердің жұмысы шектелді.