Елімізде азық-түлік өндірісі 2,4%-ға артты
Жарияланды
Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді
Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Коронавирус індеті салдарынан туындаған дағдарысқа қарамастан ағымдағы жылы АӨК саласындағы жағдай тұрақты. Ауылшаруашылығының жалпы өнімі 2,2%-ға, азық-түлік өндірісі 2,4%-ға өсті. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 10,1%-ға артып, 98,4 млрд теңгені құрады», – деді есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.