ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда тағы 4 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Олар Алматы қаласы, Ақтөбе облысы және Павлодар облысының тұрғындары.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Жұқтырғандар саны- 14 809-ға жетті.
Жазылғандар саны- 9388 адам.⠀
Қазақстан бойынша барлығы 81 адам қайтыс болды.