Коронавирус жұқтырған Елжан Біртановтың жағдайы – орташа

Жарияланды
Оның міндетін уақытша вице-министр Ләззат Ақтаева атқарады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Министр, екі күн бұрын коронавирус жұқтырған болатын.  

 

«Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырып, «пневмония» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Екі күн болды. Дәрігерлер оның денсаулық жағдайын орташа деп бағалап отыр. Жалпы Елжан Амантайұлы клиникалық хаттамаға сай ем-домын қабылдауда. Ағзасы вирусқа қарсы терапияны жақсы көтеруде. Емін қабылдағаннан кейін, жазылып, өз жұмысына кіріседі деген ойдамыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

 

Оның айтуынша, қазір Біртанов ауруханада жұмысын қашықтан жүргізіп, штаб қызметін реттеп отыр.

 

Бүгіннен бастап оның міндетін уақытша орынбасары Ләззат Ақтаева атқарады.
 

Сондай-ақ оқыңыз