ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша – Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде «Рахат» фабрикасының қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады.
«Рахат фабрикасында 30 мамыр мен 4 маусым аралығында 10 адамнан КВИ анықталған. Бірінші, фабриканың бір қызметкері жоспарлы операцияға түскен кезде одан вирус табылған. Кейін зауытқа кіреберісте тұрған тепловизор арқылы тағы 8 адамның қызуы жоғары екені анықталды. Сол сәтте жедел жәрдем шақырылған. Қызуы көтерілген жұмыскерлердің барлығында коронавирус инфекциясы бар екені анықталды», – деді Жандарбек Бекшин.
Бас санитардың айтуынша, Рахат фабриканда 1500-ге жуық қызметкері коронавирус инфекциясына тексерілген. Қызметкерлердің 467-нен вирус анықталды. Оларда симптом белгілері болмаған. Барлығы үй карантиніне жіберілді.