Заң бұзған тұрғыннан 200 литрге жуық алкоголь тәркіленді
Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют ауданының полицейлері кәсіпкерлікпен айналысқан аудан орталығының тұрғынынан 200 литрге жуық алкоголь өнімін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Оның үйінен арақ-шарап өнімдері, коньяк, сыра, ақ қайнар табылды. Мұның бәрін ол лицензиясыз сатқаны, одан басқа кез келген уақытта алкоголь сатып алуға болатыны анықталды.
««Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Мамлют ауданының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері үй-үйді аралау барысында рұқсат құжаттарынсыз алкоголь сату фактісін анықтады. Алынған алкоголь өнімі 192 литр», – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша әкімшілік материал жиналып, сотқа жіберілді.