Енді азаматтар жеке тұлға АКТ жазбаларын өздері тексере алады
Халыққа қызмет көрсету орталықтарына көп азаматтар олардың кейбір деректері немесе балаларының деректері, әсіресе 2008 жылға дейінгі тіркелген (бала туу, неке қию және т.б.) мәліметтер базасында неге көрсетілмеген деген сұрақтарды жиі жазады. Әділет министрлігі ақпараттық деректер базасына енгізілмеген барлық акт жазбаларын цифрлау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтарға РАГС АЖ-ның барлық 7 оқиғасы бойынша (оның ішінде 2008 жылға дейін жасалған) мұрағаттық акт жазбаларының өзектілігін өз бетінше тексеруге мүмкіндік беретін сервис туралы айтамыз.
Егер сіз некені тіркеу, туу, өлім, ажырасу, бала асырап алу, әкелікті анықтау, аты-жөнін өзгерту сияқты қызметтердің электронды акт жазбаларынан қате тапсаңыз немесе құжатыңызды мүлдем таба алмасаңыз не істеу керектігін білесіз бе? Ол үшін, алдымен Egov.kz порталына кіріп, келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Порталдың басты бетіндегі сол жақ бағаннан «Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметін» табыңыз;
2. Ашылған терезеден акт жазбасының түрін таңдау қажет;
3. Өтініш беру санатын толтырыңыз да «Іздеу» әрекетін басыңыз;
4. Егер көрсетілген параметрлербойынша АХАЖ АЖ-де актілік жазба болған жағдайда, портал сұратқан деректерді толық толтырып шығыңыз;
5. Егер берген ақпаратыңыз жүйеде табылмаса, «Мәліметтерді цифрлау» бастырмасын басыңыз да, талап етілген мәліметтерді толтырып шығыңыз;
6. «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы құжаттың скан көшірмесін жүктеңіз;
7. Өтінішті ЭЦҚ немесе бір жолғы жасырын сөз арқылы растайсыз.
Сұрау салған қызмет бойынша жауап 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.