Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды. Ол өзін-өзі оқшаулады. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрлан Нығматулин карантиндік шараларды қатаң сақтаған, соңғы бір айда қашықтан жұмыс істеген, пленарлық отырыстан бөлек, ешкіммен байланысқа түспеген.