«Taý-Ken Samuryq» ұлттық тау-кен компаниясы Қазақстанның төрт облысының аумағында ауқымды геологиялық барлауды бастайды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Геологиялық барлау жобасы – «Қазақстан Фортескью» компаниясымен бірлесіп іске асырылатын болады.
«Taý-Ken Samuryq» ҰТК» АҚ мен «Қазақстан Фортескью» ЖШС арасындағы қол қойылған операторлық келісімге сәйкес іздеу жұмыстары Қарағанды, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аумағында жалпы алаңы 18 000 км2 жүргізілетін болады.