Жаңалықтар

Б.Сағынтаев Алматылық өндірушілерді қолдауды тапсырды

Әкім жеңіл өнеркәсіп орындары  мен полиэтилен құбырын шығаратын зауытқа барды

«Спира-Берга» зауытында газ және сумен қамту, су құбырының инженерлік желілері үшін полиэтилен құбырларын шығару дұрыс жолға қойылған. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жоғары, мұнда жылына 8 мың тоннадан астам өнім шығарылады. 75 жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы  хабарлады.

Қала әкімі алты желі арқылы атқарылатын өндіріс үрдісімен танысты. Жұмыс процесстерінің басым бөлігі автоматтандырылған,  оның ішінде цифрлық бақылау және барлық жұмыс тораптары мен агрегаттарының параметрлерін басқару да бар.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кәсіпорын жабдықтарын модернизациялауда, ал бұл жұмыс сапасын арттырып, құбырларды механикалық және ультракүлгін сәулелерден зақымданудан қорғауда. Зауыт Алматының су, газ, кәріз құбырларына, сонымен қатар кабельдерді суару және құрғату жүйелерін қорғайтын құбырларға деген сұранысын қамтамасыз ете  алады.

Б. Сағынтаев  құбырлар ассортиментін игеруді және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және мердігерлік компаниялармен бірге кәсіпорындардың тапсырыс  беру мәселесін қарастыруды тапсырды.
Алматы әкімі «Мануфактура 24» ЖШС әйелдердің дизайнерлік киімдер шығаратын  өндірістік цехында болды. Мұнда 24 адам жұмыс істейді.

Б. Сағынтаев қалаға  белгілі бір тауарларға және қызметтерге деген сұранысты  қанағаттандыратын әрі сапалы жұмыс орындарын ашатын осындай ШОБ кәсіпорындарының қажет екенін атап өтті.