Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейтілді
Қазақстанда демалыс күндері — 20-21 маусымда шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараганды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша:
– сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады;
– қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;
– қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
– қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;
– фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады;
– 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
2. Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендер бойынша:
– қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;
– 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
3. Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.