Құжаттарды қағаз түрінде немесе egov.kz арқылы электронды түрде колледжге тапсыруға болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Биыл колледжге қабылдау аттестаттың жиынтық конкурстық балы бойынша жүргізіледі:
*9-сынып түлектері үшін міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі) және 2 бейінді пән;
*11-сынып түлектері үшін екі міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және 2 бейінді пән.
Педагогикалық, медициналық мамандықтар мен өнер саласы мамандықтары үшін:
*ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, арнайы және шығармашылық емтихандар белгіленеді немесе талапкерлердің жетістіктері туралы портфолиоларын бағалау қарастырылады;
*балдары тең болған жағдайда аттестаттың орташа балы және талапкердің әлеуметтік санаты ескеріледі.