Сингапурде азаматтар зейнетақы қорына ай сайынғы жарналарды үш шотқа жинақтайды

Жарияланды
Бұл тұрақты, арнайы және медициналық шот болып бөлінеді

Сингапурдың зейнетақы жүйесі туралы 5 дәйек. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми Telegram арнасы хабарлады.

1. Сингапурдың зейнетақы жүйесі Азиядағы ең көне және анағұрлым дамыған мемлекеттік бағдарламалардың бірі болып табылады.

2. Сингапурдың зейнетақы жүйесінде базалық немесе ең төменгі зейнетақы жоқ.

3. Жұмысшылар мен жұмыс берушілер орталық жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайынғы жарналарды үш шотқа жинақтайды: тұрақты, арнайы және медициналық шот. Қызметкерлердің жарналары – 20%, жұмыс берушілердікі – 17%.

4. Салымшылар өз жинақтарын рұқсат етілген инвестициялық өнімдерге дербес инвестициялай алады. Басты шарттар-18 жастан үлкен болу, банкрот болмау және 60 000 SGD (18 млн теңге) астам жинақтардың болуы.

5. 55 жылда зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады, оған өмір бойғы аннуитетті алуға қажетті соманы қалыптастыру үшін әдеттегі және арнайы шоттардан жинақтар аударылады.

Сондай-ақ оқыңыз