Жаңалықтар

Алматыдағы жұқпалы ауруханалардың 95% бос емес

3 маусымнан бастап қалада індетті жұқтырғандар саны екі есеге артты

Қазіргі уақытта Алматыда коронавируске шалдыққандардың көптігі сонша, қаладағы жағдай күрделеніп кеткен. Науқастар бұдан да көбейіп кетпес үшін қатаң шаралар қабылдап жатырмыз деп мәлімдеді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин. Ақпарат CORONAVIRUS2020.KZ телеграм каналында жарияланды.

3 маусымнан бастап, қалада коронавирустық инфекцияның тіркелуі екі есе өсті.

Жұқпалы ауруханалардағы төсек-орынның 95% -ы бос емес. Науқастардың көптігінен жатқызатын орын тапшылығы сезілмес үшін жазылып шыққан адамдардың орнына жаңа түскен науқастар  жатқызылып жатыр.

Бас санитардың айтуынша, наурыз айында ауруханалар шетелден келген Қазақстандықтармен толықса, сәуір айында диагностика белсенді жүргізілген кезде, науқастар көбейіп кеткен. Ал маусым айында мекемелерде бір -бірінен ауру жұқтырған науқастардың артқаны сонша, ковид жұқтырушылар жұқпалы стационарларға үздісіз жеткізіліп жатыр.