Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейі арта түсті
Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін анықтайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шығарылды,-деп хабарлайды «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм арнасы.
Зерттеулерді Қазақстанның 14 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаланың қалалық және ауыл тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргізу әдісін қолдана отырып, «Стратегиялық зерттеулер орталығы» жүргізді. Барлығы 3000 респондент сұралды.
Зерттеу сауалнамасының негізгі сұрақтары 24 сұрақтан тұрды. Сауалнама нәтижелері халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабардар болу деңгейінің артқандығын көрсетті.
• Қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейі – 63,4% (2018 жылы – 60,2%, 2017 жылы – 58,2%).
• Қаржылық сауаттылықтың дамыған деңгейі – 26,9% (2018 жылы – 25,3%, 2017 жылы – 24,7%).