Елімізде 5 жылдың ішінде 18 мың көлік құралы сатылды

Жарияланды
50 млрд.теңге бөлінді

Отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде жеңілдікті автонесиелеу және жеңілдікті лизинг бағдарламасы жұмыс істейді. Соның аясында 5 жыл ішінде 50 млрд.теңге бөлінді. Бұл отандық кәсіпорындарға 92 млрд. теңгеге 18 мың көлік құралын сатуға мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Өткен жылдан бастап ҚР Ұлттық банкі халық арасында үлкен сұранысқа ие болған жеңілдікті автонесие беру бағдарламасын іске қосты. Бұл мақсатқа 5 жыл ішінде 100 млрд. теңге бөлінді (жыл сайын 20 млрд. теңгеден).

Машина жасау саласын серпінді дамыту үшін Қазақстан машина жасаушылар одағымен бірлесіп, 2019-2024 жылдарға арналған машина жасауды дамытудың жол картасы әзірленіп, бекітілді.

Жол картасы саланы қолдау және дамыту бағытындағы шараларды жүргізе отырып, салықтық жеңілдіктер енгізу, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң әзірлеу және Өнеркәсіпті дамыту қорын құру жөніндегі іс-шараларды көздейді.
 

Сондай-ақ оқыңыз