Қазақстанда коронавирустан тағы 8 адам қайтыс болды

Жарияланды
113 адам көз жұмды

Коронавирус індетінен 8 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұр-Сұлтан қаласында – 1954, 1958, 1952 жылы туған әйел адамдар және 1950 жылы туған ер азамат; 

Шымкент қаласында – 1962 жылы туған әйел адам;

Түркістан облысында – 1950, 1958 жылы туған әйел адамдар және 1962 жылы туған ер азамат.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 113 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз