Елімізде корнавирус індетінен тағы 5 науқас көз жұмды
Жарияланды
Қазақстан бойынша барлығы 118 адам қайтыс болды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, коронавирус індетінен тағы да 5 науқас көз жұмды. Олар Нұр-Сұлтан, Ақмола облысы және Алматы қаласының тұрғындары.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Елімізде бұл қауіпті індетті жұқтырғандар саны-16 779-ға жетті.
Жазылып шыққандар саны-10 671 адам.
Қазақстан бойынша барлығы 118 адам қайтыс болды.