Жаңалықтар

Есірткіні жарнамалаған  62 жастағы азамат ұсталды

Оған 416 700 теңге мөлшерде айыппұл салынды

«Қарасора-2020» жедел шара барысында Атырау қаласында полиция қызметкерлері есірткі заттарын жарнамалаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Жамбыл облысы тұрғыны, қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде есірткі заттары бейнеленген тауарларды сатқан. 

62 жастағы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы 1-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» бойынша хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. 

Сот шешімімен сатушы адамға 150 АЕК мөлшерінде , яғни  416 700 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.