Жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырды

Әкім ем қабылдап жатыр

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook парақшасында жазды. 

«Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Себебі, соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады. Ауру белгісіз (симптомсыз) өтуде. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып ем қабылдап, жұмысын жалғастырады», – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.