Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 225 науқас тіркелді.
Сонымен қатар, елімізде тағы 2 науқас індеттен көз жұмды. Олар Алматы қаласының тұрғындары.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстанда індеттен 120 науқас қайтыс болды.