Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 7 адам көз жұмды 

Жарияланды
Бұл індеттен жалпы 127 науқас қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде індеттен тағы 7 науқас қайтыс болды.Олар Нұр – Сұлтан, Қостанай облысының тұрғындары.

Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Елімізде індетті жұқтырғандар саны -17 732-ге жетті.

Жазылғандар саны -11 158 адам.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 127 адам қайтыс болды.
 

Сондай-ақ оқыңыз