8 мыңнан астам адам «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша төлем мерзімін кейінге қалдырды

Жарияланды
Бұл 3 айдың қорытындысы бойынша

3 айдың қорытындысы бойынша (2020 жылғы 15 наурыздан бастап 15 маусымға дейінгі кезеңде) 8030 қазақстандық 9,9 млрд теңге сомасына ипотека бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды пайдаланды. Оның ішінде 3012 қарыз алушы «7-20-25» бағдарламасы бойынша болса, ал 5018 адам «Баспана Хит» бағдарламасымен төлемдерін шегере алды. Бұл туралы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Сыртқы коммуникациялар қызметі хабарлады. 

«7-20-25» және «Баспана Хит» тұрғын үй бағдарламалары бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітті және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) екінші деңгейдегі банктермен бірлесе отырып әзірлеген халықтың борыштық жүктемесін азайту бойынша шаралар шеңберінде ұсынды.

Оған сәйкес банктер короновирус инфекциясы пандемиясына байланысты төтенше жағдай жариялағаннан кейін қаржылық ахуалы нашарлаған қарыз алушыларға айыппұл мен өсімпұлды есептеместен және жағымды кредиттік тарихын сақтай отырып, негізгі борыш пен сыйақы төлемдері бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды. 

Бүгінгі таңда 40 мыңнан астам қазақстандық отбасы «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларын пайдаланып, 394 млрд. теңге жалпы сомаға меншікті баспанаға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыз