Биыл Ақтөбе облысында 10 мыңға жуық баспана салу жоспарланды
Жарияланды
Сонымен қатар, азаматтарға 2 439 жұмыс орнын құру көзделген
2020 жылы Ақтөбе облысында 1 млн. 25 мың шаршы метр немесе 9700 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл мақсатқа қаржыландырудың барлық көздері есебінен ағымдағы жылдың 5 айына 23 млрд. теңге инвестиция бағытталған. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.
Бүгінде облыс бойынша 1 547 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде – 931 жеке үй.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 21,1 млрд. теңге бөлініп, 49 жоба іске асырылады. Осылайша, 2 439 жұмыс орнын құру көзделген.