Қарасу ауданында тілсіз жау 25 гектар аумақты жалмап кетті
Қостанай облысы Қарасу ауданы Панфилов ауылының маңында дала өртенді. Даладағы желдің арқасында құрғақ шөппен от тез таралды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Қарасу ауданы Железнодорожное селосі № 25 өрт сөндіру бекетінің бір бірлік техника және жеке құрамның үш адамы бар күштері мен құралдары отпен күресті. Өрт сөндірушілерге көмекке 10 адамнан тұратын жергілікті өртке қарсы құраманың еріктілері келді. Екі МТЗ тракторы соқамен ауылдан өрт сөндіру үшін жер жыртылды.
Су құю үшін екі су таратқыш ыдыстарын пайдаланды. Өртті сағат 21.00-де ауыздықтап, сағат 22.07-де жойды. Өрттің қайдан шыққаны анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, сондай-ақ сергек болуға шақырады, және өрт анықталған жағдайда дереу «101» телефон арқылы хабарлаңыз.