ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде індеттен тағы 7 науқас қайтыс болды.Олар Алматы қаласы, Ақмолы облысының тұрғындары.
Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.
Елімізде індетті жұқтырғандар саны -18 231-ге жетті.
Жазылғандар саны -11 514 адам.
Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 134 адам қайтыс болды.