Жаңалықтар

Мексикада 7 жарым балдық жер сілкінді

Жер асты дүмпуі бірнеше аймақта сезілген

Мексиканың оңтүстігінде 7,4 баллдық қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы euronews.com хабарлады. 

 

Апат салдарынан Оахака штатындағы Оахака-де-Хуарес қаласы жарықсыз қалды. Жер асты дүмпуі бірнеше аймақта, соның ішінде Мексиканың астанасында сезілді. Зілзала ошағы Оахаканың Тынық мұхиты жағалауындағы Круцесита ауылынан 23 шақырымдай жерде тіркелген.

 

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадордың айтуынша, жер сілкінісі айтарлықтай шығын әкелген жоқ. Мексика жағалауларында цунами қаупі жоқ. Бұл туралы азаматтық қорғаныс күштерінің ұлттық үйлестірушісі Дэвид Леон мәлімдеді.