Атом өнеркәсібі жұмысшылары, атап айтқанда радиоактивті заттар мен бериллий бар шикізатты өндірушілер қосымша 5% зейнетақы жарналарын алады, өйткені бұл саладағы жұмыс қауіпті және денсаулыққа зиянды. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми Telegram каналы хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс берушілер денсаулыққа зиянды өндірісте жұмыс істейтін арнайы мамандар үшін 2014 жылдан бастап өз қаражаты есебінен жұмыскерлердің айлық табысының 5 пайызын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) ретінде БЖЗҚ-ға аударады және жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына, қысқартылған жұмыс уақытына құқық береді.