Жаңалықтар

ENPF-ботта оператормен байланысқа шығу қызметі пайда болды

Роботтың кеңесіне көңіліңіз толмаса, сауалыңыз автоматты түрде кеңесшіге жолданады

Таяуда ENPF-ботта оператормен байланысқа шығу қызметі пайда болды. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми Telegram арнасы хабарлады.

Енді роботтан алған алғашқы кеңеске көңіліңіз толмаса, сауалыңыз автоматты түрде кеңесшіге жолданады.

Ботты мессенджер арқылы қосу оңай: іздеу жолында @enpfbot енгізіп, START пернесін басыңыз.