Маңғыстау облысында автомобиль жолдары саласындағы ірі республикалық «Жетібай – Жаңаөзен» жобасын іске асыру шаралары аяқталуға жақын. Жолдың 2 учаскесінің біріндегі жұмыстар осы жылдың наурызында аяқталған болатын. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Қайта жаңарту жұмыстары 2018 жылдан бері Азия Даму банкі қаражатының есебінен іске асырылуда. «Аккорд/Ақжол Құрылыс» БК және «Cengiz Insaat Sanayi ve Ticaret A.S» компаниялары» екі жыл ішінде жұмыстарға 976 адамды жұмысқа тартса, жол-құрылыс техникасының 575 бірлігін жұмылдырды.
Бүгінгі таңда жолдың 0-38 шақырымдары арасында жатқан учаскесінде 20 шақырымдық кедергілік қоршауларды орнатудан басқа жұмыстардың барлығы орындалған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар 2020 жылғы 30 маусымға қарай аяқталады деп күтілуде. 35-73 шақырымдар арасындағы жол учаскесінің құрылыс жұмыстарының барлығы аяқталған.