Ақтөбе облысының Бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның қаулысы бойынша, қалада шектеу шаралары 26 маусым сағат 22.00-ден 29 маусым сағат 00.00-ге дейін және әр демалыс күндері: сенбі және жексенбі, кейін эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін енгізіледі. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ телеграм каналында хабарлады.
-Тұрғындар үшін жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлік болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жылжуды қоспағанда, қала бойынша жаяу және жеке автокөлікпен жүру шектеледі;
– тұрғылықты жеріне тікелей жақын орналасқан дүкендерден, дәріханалардан дәрілік тауарларды, медициналық бұйымдарды, азық-түлік тауарларын сатып алу;
– шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға шығу;
– тұрғылықты жеріне тікелей жақын жерде үй жануарларын серуендету.
-65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығу шектеледі.
-Қалада сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көлікте, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде, көпшілік жиналатын орындарда, көшелерде, саябақтарда, скверлерде, көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерінде ауқымды дезинфекция жүргізіледі.
-26 маусымнан бастап 29 маусымға дейін меншік нысанына қарамастан объектілердің қызметі тоқтатылады.
-Қоғамдық орындардың – саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, ойын алаңдарының және өзге де демалыс орындарының, қаржы нарығы субъектілерінің валюта айырбастауға құқығы бар ұйымдардың қызметтерімен жұмыс істеуі тоқтатылады.
-Көп қабатты тұрғын үйлердің жанында, жеке секторда бірінші қажетті тауарларды сататын азық-түлік дүкендері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
25 және 26 маусымда бірінші қажеттілік тауарларын және дәрі-дәрмектерді бірнеше күнге сатып алу ұсынылады.