Полиция полковнигі, ҚР ІІМ Көші қон комитетінің басқарма бастығы Асқар Алдоңғаров төтенше жағдай режимі аяқталғаннан бері ел аумағында мәртебесін реттемеген шамамен 115 мың шетелдік бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ телеграм арнасы хабарлады.
25 маусымдағы жағдай бойынша, 4000 шетелдікке виза берілді және рәсімделді. 17 мың шетелдікке уақытша тұруға арналған рұқсат берілді. 78 мың еңбекшіге көшіп келушіге рұқсат берілді және ұзартылды. Қазақстан аумағынан 33 мың адам шекара асты.
Осыған орай, шетелдік азаматтарды қабылдаушы тарапқа ҚР-да болудың өзінің құқықтық мәртебесін жылдам заңдастыруын сұраймын. Оны кейінге қалдыруға болмайды. Кейін өзінің мәртебесін реттемеген шетелдікке және оларды қабылдаушы тарапқа құқықтық ықпал ету шаралары қолданылатынын хабарлаймыз,-деді Асқар Алдоңғаров.