Коронавирустан тағы 3 науқас қайтыс болды
Жарияланды
Елімізде бұл індеттен 150 адам көз жұмды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде тағы 3 науқас індеттен қайтыс болды. Олар Солтүстік-Қазақстан облысы мен Шығыс-Қазақстан облысының тұрғындары.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Жұқтырғандар саны 19 750-ге жетті.
12 548 адам індеттен жазылды.
Қазақстан бойынша барлығы 150 адам қайтыс болды.