Биыл түлектердің 72%-ы ҰБТ тапсырды

Жарияланды
131 мыңнан астам адам ниет білдірген

Биылғы түлектердің 72%-ы ҰБТ тапсырып үлгерді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰБТ-ға қатысуға 131 мыңнан астам адам ниет білдірген еді, оның ішінде 111 113 – биылғы оқу жылының мектеп түлегі. Осы түлектердің 72%-ы ҰБТ тапсырып үлгерді.

1-ші шілде күні жоспарға сәйкес осы жылғы мектеп түлектерінің соңғы легі ҰБТ тапсырады, осылайша 2019-2020 оқу жылының мектеп түлектеріне ҰБТ аяқталады.

21 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ тапсыратындар үшін кесте өзгермейді.

12 мыңнан астам алдыңғы жылдардың мектеп және колледж түлектері ҰБТ-ны 2,3,4 шілдеде емес, одан ертерек, 28, 29, 30 маусымда сағат 15:00-де тапсыратын болады. Олардың рұқсатнамалары жарамды, ауыстырудың қажеті жоқ.

Егер тестіленуші өзінің ҰБТ тапсыру пунктіне келіп үлгермесе, info@testcenter.kz электрондық поштасына өтініш жазуы керек.

Өтініш қысқа мерзімде қаралып, ол бойынша жақын жерде орналасқан облыс орталығында тапсыруға мүмкіндік беру жөнінде шешім қабылданатын болады.
 

Сондай-ақ оқыңыз