Коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Алматы облысы – 1942 жылы туған ер азамат,
Қарағанды облысы – 1970, 1957 және 1940 жылдары туған ер азаматтар,
Шымкент қаласы – 1972 жылы дүниеге келген ер адам,
Ақтөбе облысы – 1960 және 1950 жылдары дүниеге келген ер адамдар.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 173 адам қайтыс болды.