Еліміздің тігін фабрикасы жылына 1,5 млн өнім жасап шығарады

Жарияланды
«Казлегпром-Алматы» ЖШС өзінің тігін және аяқ киім өндірісіне маман даярлауда

«Қазлегпром-Алматы» ЖШС Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің тігін және аяқ киім саласының ірі жоғары технологиялық өндірістік кәсіпорындарының бірі болып табылады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады. 

Өндіріс ошағы нарықта 2011 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Зауыт өз жұмысын Қорғаныс министрлігі, ТЖМ және ішкі әскерлердің тапсырысы бойынша әскери киім-кешек шығарудан бастады. Содан кейін компания өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін арнайы киім өндірісін игерді. Кейінірек мұнда киімнің азаматтық желісі — классикалық костюмдер мен аяқ киім шығарыла бастады.

«Қазлегпром-Алматы» тігін өндірісінде киім жобалау бөлімі, кесіп дайындау цехы, тігін цехы және қосалқы цехтары бар. Өндіріс қуаттылығы жылына 1,5 млн. тігін өнімін жасап шығарады. Фабрика өндіріс барысында ешқандай ақаусыз, сынақтардан өткен сапалы шикізаттарды қолданады. Көптеген сынақтардан өту жолында фабрика өнімдері сапа стандартына толығымен сай келеді.  
 

Сондай-ақ оқыңыз