Жаңалықтар

Қауіпті індет кезінде тұрғындар той жасауды қояр емес

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артуда 

Петропавлда өткен демалыс күндері той өткізудің екі фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Әр өңірден коронавирустан қайтыс болғандар жайлы қайғылы хабар Солтүстік Қазақстан облысын да айналып өтпеді. Осы фактілерге қарамастан, қазақстандықтардың бәрі бірдей мамандардың болжамдары мен пандемияға қарсы күресуге бағытталған мәжбүрлеу шараларына жауапкершілікпен қарамай отыр.

Өткен сенбі күні қала тұрғындары жас жұбайлардың «Конгресс» мейрамханасына кіріп бара жатқанын түсірген фотоларды әлеуметтік желілерге жариялаған. Полиция қызметкерлері мен санитарлық дәрігерлер той өтіп жатқанын көрсеткен бұл постқа шұғыл түрде шара қабылдауға мәжбүр болды. Осы факті жөнінде мейрамхана иесі мен іс-шараны ұйымдастырғанға қатысты ҚР ӘҚтК 462-бабы бойынша әкімшілік материал жинады. Осындай әкімшілік ықпал ету шарасы келесі көңіл көтеру орнының ұйымдастырушысы мен әкімшісіне қатысты қабылданды. Қырағы қала тұрғындары «Эмират» мейрамханасында той өтіп жатқаны жайлы полицейлерге хабарлаған. 

«Бәрі дұрыс, бәрі үйде отыруы керек, егер осы үйлену тойында кем дегенде біреу ауырса, ол бәріне жұқтырады, жағдай қиын, бірақ сіздерге той керек», деп желі қолданушылары жазған. 

Жалпы, Петропавлда төтенше жағдай алынғаннан бері соңғы екі айдың ішінде осындай бес факті анықталды. Өткен демалыс күндері Петропавлда облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен шектеу шаралары күшейтілді.

  «Қазіргі уақытта тәртіп пен вирустың таралмауына бағытталған белгіленген шектеулерді сақтау аса маңызды. Өкінішке орай, бұған барлығы түсіністікпен қарай бермейді, осыған байланысты профилактикалық шаралардан әкімшілік ықпалы бар шараларға көшуге тура келеді. ТЖ режимі алынғаннан сәттен бастап, карнатиндік шараларды сақтамағаны үшін 127 әкімшілік материал жиналды», – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. 

Бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы

«Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау» бойынша үштен екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз.